Руханият шырақшысы

lat: Rýhanıat shyraqshysy

бейн. Рухани, мәдени құндылықтардың іздеушісі, сақтаушысы.

Дәстүрлі сұрақ. Қабырғалы қайраткер ел ағасы, азамат ретінде 70 жылдық тарихы бар қазақ руханиятының шырақшысы “Қазақ әдебиеті” газетінің оқырмандарына қандай тілек айттың? (“Қаз. әдеб.”).

Ұлттық руханият. Тұтас бір ұлттың рухани мұрасы, құндылығы.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері Қуаныш Сұлтанов ұлттық руханиятымызға да алуан түрлі үлес қосып келеді. Бір кезде Ахмет Байтұрсынов, Мұқан Иманжановтар бастап берген көсемсөз дәстүрінің бүгінгі көшбасшыларының бірі (“Егемен Қазақстан”).